Өсу
стратегиясы –
болашаққа
көзқарас
Эйр Астананың» 2026 жылға дейінгі он жылдық стратегиясы, Еуропа мен Азияның арасын жалғайтын хаб ретіндегі мықты позициясы мен төмен шығындар құрылымын сақтай отырып, қызмет аясын кеңейту есебінен Компанияның жаңа өсу сатысын қамтамасыз етеді.
4,32 млн 2018 жылы тасымалданған
барлық жолаушылар
34 ұшақ 2018 жылғы әуе
кемелерінің паркі
>2x 2026 жылға қарай жолаушылар
ағынының жоспарлы өсуі
>60 ұшақ 2026 жылға қарай әуе кемелері
паркінің жоспарлы өсуі
2001
Қыркүйек
  • Қазақстан Республикасының үкіметі мен BAE Systems арасындағы бірлескен кәсіпорын ретінде «Эйр Астана» компаниясының құрылуы
2002
Мамыр
  • Алғашқы рейс: Алматы – Астана – Алматы
Қыркүйек
  • Алғашқы халықаралық рейс: Алматы – Дубай – Алматы
2003
Тамыз
  • Инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді орындауға JAR/EASA 145 алғашқы сертификаттауы
2007
Желтоқсан
  • Тұрақты клиенттерге сыйақы беру бағдарламасының іске қосылуы
2008
Маусым
  • IATA талабына сәйкес, электронды билеттердің 100 пайыз енгізілуі (ТМД-да бірінші болып)
Желтоқсан
  • Ab-initio ұшқыштарды бастапқы оқыту бағдарламасының іске қосылуы
  • IOSA аудитінен өткен тасымалдаушы ретінде IATA ресми тіркеуі
2009–2012
Маусым, 2009 ж.
  • Skytrax 3 жұлдызды рейтингінің берілуі
2010
  • EASA сертификатталған стандарттары бойынша өз техникалық базасын дамыта бастау
Маусым, 2011 ж.
  • World Airline Awards 2011 сыйлығының «Шығыс Еуропаның ең үздік әуе компаниясы» номинациясындағы 2-ші орын
Мамыр, 2012 ж.
  • Skytrax нұсқасы бойынша World Airline Awards сыйлығының «Орталық және Оңтүстік Азиядағы ең үздік әуе компаниясы» номинациясында ТМД-дағы алғашқы 4 жұлдызды рейтинг
Қазан, 2012 ж.
  • Өз ұшағының алғашқы жеткізілімі
2011–2013
  • 20 жаңа маршруттың іске қосылуы
2012–2014
  • Әуе кемелерінің паркіне жеткізілді: 7 x A320, 2 x A321, 6 x E190, 3 x B767
2015
  • 2016-2020 жылдарда жеткізу мерзімімен A320neo үлгісіндегі 11 әуе кемесінің операциялық лизингі туралы келісім жасалды
2016–2017
  • A320neo үлгісіндегі төрт әуе кемесінің жеткізілуі
  • 2018-2020 жылдарда жеткізу мерзімімен E2 үлгісіндегі бес әуе кемесінің (ӘК), А320neo FB үлгісіндегі үш ӘК-нің операциялық лизингі туралы келісім жасалды
  • EASA Part 66 техникалық оқыту бағдарламасының іске қосылуы
2018
  • Аймақтағы алғашқы төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы – FlyArystan компаниясының іске қосылатындығы туралы жариялау
  • Алғашқы Embraer E2 әуе кемесінің жеткізілуі
  • Skytrax нұсқасы бойынша жетінші рет қатарынан «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компаниясы» номинациясындағы жеңімпаз
  • Астана қаласында «Эйр Астана» техникалық орталығының ашылуы
2019
FlyArystan
  • FlyArystan төмен бюджетті тасымалдаушысының ұшуды бастауы, бұл қонулар санының және жаңа маршруттардың артуы есебінен жолаушылар ағынының едәуір ұлғаюына септігін тигізетін болады деп күтіледі
2026
Қойылған мақсаттарға
қол жеткізу
  • 25-тен астам жаңа маршрутты қамту, ішкі және транзиттік тасымалдардың күтіліп отырған өсімін пайдалану үшін 2026 жылға қарай әуе кемелері паркінің көлемін екі есеге ұлғайту

«Эйр Астана» бір мезгілде капиталды қайтара отырып, өсудің кірісі мол мүмкіндіктеріне инвестициялау арқылы акционерлер үшін пайданы барынша арттырудың ұзақ мерзімді тарихын қалыптастырып келеді. Шығындар төмен деңгейде сақталады, ал әлеуетті кіріс тиімділік пен автоматтандыруды қамтамасыз ететін ең жаңа технологияның арқасында жоғары күйінде қалады, сондай-ақ қосымша кіріс алудың тартымды мүмкіндіктерін ұсынады.

Компаниямыздағы операциялық тиімділік және шығындарды бақылау деңгейі – нарықтағы ең тиімді деңгейлердің бірі, осының арқасында біз – төмен бюджетті тасымалдаушылардың шығындар құрылымымен қызметтердің толық кешенін ұсынатын айрықша әуе компаниясымыз.

Бізге бірегей мүмкіндік берілген: Қазақстан Еуразияның орталығында, Қытай, Үндістан және Ресей сияқты өсіп келе жатқан нарықтардың арасында орналасқан. «Эйр Астана» әуе компаниясының мақсаты – осы нарықтардың арасын жалғау, бұл ретте біз орналасу ерекшелігімізді пайдалана аламыз.

Мәдениетіміздің күшін пайдалана отырып, біз су жаңа, неғұрлым тиімді және заманауи әуе кемелерінде қызмет көрсетудің тамаша деңгейін қамтамасыз ете аламыз, бұл ретте тиімділігі жоғары операциялық құрылымның және жалғыз ғана жоғары нәтиже мен сапаға қол жеткізу мақсатын көздейтін, өз істеріне адал берілген кәсіби мамандар командасының арқасында қызметімізді аз шығынмен жүзеге асырамыз.

Стратегиялық
басымдықтар
Өсу

«Эйр Астана» 2026 жылға қарай жолаушылар ағынының екі еседен астам шамаға артуын қамтамасыз ету мақсатында әуе кемелерінің паркін екі есеге ұлғайтуды жоспарлайды.

Біздің мақсатымыз – рейстердің жиілігін арттыру, жаңа нарықтарға шығу және бағыттар желісін кеңейту есебінен пайда өсімін қамтамасыз ету.

Халықаралық әуе тасымалдарына сұраныс жылдам өседі және Қазақстанның айналасындағы нарықтардың кейбіреулері әлемдегі ең ірі нарықтарға айналуы мүмкін. Қытай мен Үндістанның 2022 жылға қарай әлемдегі көлемі жөнінен аса ірі және үшінші нарықтарының қатарына көтерілуі күтіледі. Біз өз қызметкерлерімізді дамыту және оқыту жолын ұстануымызды жалғастыратын болсақ, өсе түсетін және жоғары стандарттар мәдениетін дамыта түсетін боламыз. Бізге таңдаған жолымызда көмектесетін және табысқа жетуімізге септігін тигізетін таңдаулы мамандарды тартуымызды жалғастырамыз.

+5%
Тасымалдау сыйымдылығы көрсеткішінің (ШЖКМ) өсуі
+10%
Операциялық пайданың ұлғаюы
+11%
Халықаралық жолаушылар ағынының ұлғаюы
Тиімділік

Бүгінгі таңда қызметтердің толық кешенін ұсынатын әуе компаниясы болып табылатындығымызға қарамастан, бір шекті жолаушы-километрге (ШЖКМ) шаққандағы шығындар 5 АҚШ центінен сәл ғана асып, әлемдегі ең төмен бюджетті әуе компанияларының экономикалық тиімділігіне сәйкес келеді. «Эйр Астана» өнімділік пен тиімділіктің айрықша жоғары стандарттарын, қызметкерлерді ынталандыру мен қызығушылығын арттырудың жоғары деңгейін сақтай отырып, қазақстандық авиация нарығында жаңғыртушы күшке айналу үшін өзіміз енгізетін ең жаңа технологиялардың арқасында осы деңгейге қол жеткізеді.

Бәсекеге қабілетті шығыстар базасының арқасында бізде FlyArystan жөніндегі пайымдауымызды іске асыру үшін қажетті ресурстар бар. «Эйр Астана» қазірдің өзінде жолаушыларға жайлылық пен төмен тарифтерді ұсынады, ал осындай тартымды ұсынысты сақтап қалу тиімділіктің аса жоғары деңгейін қажет етеді. Барлық бағыттар бойынша өнімділіктің жоғары деңгейін сақтай отырып, «Эйр Астана» да, FlyArystan да пайдалану және тасымалдар жиілігі коэффициентін ұлғайту үшін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету процестерін жақсарта алады.


  • «Finnovation: working on efficiency» түрлендіру жобасы іске қосылды, осы жоба шеңберінде қаржы департаментінің қызметкерлері процестерді автоматтандыруды енгізу және шығындарды басқаруды жақсарту үшін операциялық департаменттерге орналастырылды
  • Жолжүктің жоғалуына жол бермейтін жолжүкті салыстырып тексерудің жаңа жүйесі сияқты жетілдірілген қадағалау және бақылау жүйелері енгізілді
  • Компанияның функционалдық валютасы АҚШ долларына көшкеннен кейін жүйелердің жаңартылуы аяқталды
  • Жүк көліктерін Компания қызметкерлерінің өз күшімен мұз басуға қарсы сұйықтықпен толтыру сияқты шараны енгізудің арқасында Астана қаласының әуежайында кешіктірілген рейстер саны азайды
12
Әуе компанияларының тиянақтылық рейтингінде 12-ші орын
(OAG Тиянақтылық лигасы 2019) әлем бойынша
Жоғары стандарттар

Әлемдік деңгейде қызмет көрсету біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз болып табылады және тиянақтылық пен сервистің жоғары деңгейінен көрініс табады. Біз соның есебінен аймақтағы ең үздік әуе компаниясы болған стандарттар мен сапаның осындай жоғары деңгейіне ұмтылу қызметіміздің басымдығы болып табылады және біздің табысқа жетуімізге септігін тигізетін операциялық тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Компания барлық деңгейлерде жоғары стандарттардың қамтамасыз етілуін талап етеді. Директорлар кеңесі деңгейінде үздік халықаралық практиканың ең жоғары стандарттарын көрсететін басқару құрылымдары құрылды және біз қызметіміздің барлық салаларында жолаушылардың ең жоғары қанағаттану деңгейін тиімді қамтамасыз ету үшін өз қатарында ең үздік технологиялар мен жұмыс әдістерін енгіземіз.

Жоғары стандарттар мәдениетіне залал келтірместен, өсудің жоспарланған жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында Компания қызметкерлерді дамытуды басымдық етіп қояды. Біздің тамаша қызметкерлеріміз Компанияның жүрегі болып табылады, олар «Эйр Астананы» өз саласындағы жаңғыртушы күшке айналдырды.

№1
Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші (Universum агенттігінің 2018 жылғы рейтингі)
№1
TripAdvisor 2018 «Саяхатшылар таңдауы» номинациясында
№1
Skytrax нұсқасы бойынша Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компаниясы
86%
рейстер уақтылы орындалды
>320 000
Nomad Club мүшесі
Біздің
бизнес-үлгіміз
Біздің операциялық құрылымымыз Қазақстанның Орталық Азияның қақ ортасында тиімді орналасуы есебінен бірегей өсу мүмкіндіктерін пайдаланады. Тиімділігі жоғары үлгі мен төмен шығындардың арқасында біз экономикалық тиімді негізде қызметтердің толық кешенін ұсынатын әуе кемелерінде әлемдегі ең жылдам өсетін экономикаларды біріктіреміз. Орталық Азиядағы бірінші төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы – FlyArystan компаниясын іске қосу есебінен нашар игерілген ішкі нарықта да өсу қамтамасыз етіледі.
Біздің
капиталымыз

Компания өз қаржысын әрі қарайғы өсуге инвестициялау мүмкіндігі болатындай етіп басқарады.

«Эйр Астана» компаниясының таза пайдасы 2018 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша 5,35 миллион АҚШ долларын құрайды.

Біз ең заманауи және үнемді ұшақтардың бірін қамтитын, 34 әуе кемесінен тұратын паркті пайдаланамыз. Парк Boeing 767/757 ұшақтарынан, Airbus A320 тобындағы ұшақтардан, соның ішінде A320neo/A321neo ұшақтарынан, сондай-ақ Embraer E190/E190-E2 ұшақтарынан тұрады. Парктің үштен бір бөлігі – меншікте, ал қалғандары – операциялық лизингте.

«Эйр Астана» әуе компаниясында 5 210 адам жұмыс істейді. Компания қызметкерлерді оқытып-үйретуге және тартуға аса жоғары мән береді, ал «Эйр Астана» академиясындағы біріктірілген озық тәжірибе орталығы ұшқыштар мен персоналдың мансап жолдарының барлық кезеңдерінде олар үшін тренингтер өткізеді.

Ұшу барысында ойын-сауықтардың ең жаңа жүйелеріне және Wi-Fi желісіне қолжетімділіктің болуына байланысты клиенттердің бейілдігі ғана емес, сонымен қатар, бейілділік бағдарламамызға қатысушылар санының жылдам өсуі және «Эйр Астананың» мобильді қолданбасы арқылы цифрлық өзара әрекеттесудің артуы айтарлықтай мол табыс алуға және клиенттермен өзара әрекеттесу нүктелерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Астана мен Алматыдағы тораптық әуежайлар арқылы жылдам өсіп келе жатқан Қытай, Үндістан және Ресей нарықтары арасындағы транзиттік жолаушылар ағыны «Эйр Астана» компаниясының негізгі өсу факторы болып табылады, ал ірі халықаралық әуе компанияларымен кодшеринг-келісімдердің өсе түсіп отырған желісі де артықшылығы болып табылады.

Өзінің қызметі мен әлеуметтік жобаларының арқасында «Эйр Астана» Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосады. Біз жүзеге асырып отырған жобалар жергілікті кәсіпорындарды, қоғамдастықтар мен инфрақұрылымды нығайтады және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі.

Операциялық
үлгі