Корпоративтік
әлеуметтік
жауапкершілік
Біздің корпоративтік
жауапкершілікке көзқарасымыз
«Эйр Астана» – әлеуметтік жауапты Компания. Біз корпоративтік жоғары стандарттар мәдениетіміздің және тиімділігіміздің арқасында қойылған стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткіземіз, олардың арасында орнықты даму мен қауіпсіздік орталық орынды иеленеді. Біздің қызметкерлеріміз мүдделі тараптар қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ете және барлығы үшін құндылығын барынша арттыра отырып, жергілікті қоғамдастықтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Қауіпсіздік
Ең жаңа стандарттарға бейілдігіміздің арқасында біз қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткіздік.
Қоршаған орта
Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту біздің орнықты дамуымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қоғамдастықтар
Біз жергілікті қоғамдастықтардың дамуына көмектесетін және Қазақстанның бай мұрасын көпшілікке тарататын әлеуметтік жобаларды қолдаймыз.
Біздің адамдар
Біздің ұжымымыз этникалық саналуандығымен және жоғары белсенділік дәрежесімен ерекшеленеді. Барлық жағынан үздік болуға ұмтылу және қызметкерлеріміздің әл-ауқатын ойлау таңдаулы мамандарды тартуымызға және олардың әлеуетін ашу үшін жағдай жасауымызға көмектеседі.