Корпоративтік
басқару
Компаниямыздың корпоративтік басқару жүйесі әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік және біліктілік сияқты негізгі қағидаттарға негізделген.
Нұржан Байдәулетов Директорлар кеңесінің төрағасы
Директорлар кеңесінің комитеттері

Бірнеше Комитет Директорлар кеңесінің нақты функцияларын тиімді орындауына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Комитеттер Директорлар кеңесінің Компания қызметін жалпы басқаруды жүзеге асыруына қолдау көрсету мақсатында егжей-тегжейлі жұмыс пен талқылауларды жүргізеді.

Дивидендтік
саясат

Біз Дивидендтік саясатымызды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы-на, Қоғам Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес әзірледік. Саясат дивидендтердің мөл-шерін, сондай-ақ оларды төлеу талаптарын белгілеудің, сонымен қатар, Компанияның жалғасып отырған дамуын қаржыландырудың ашық процесін белгілеп, сол арқылы акци-онерлерге құнның қайтарылуы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Акционерлерге дивидендтерді
төлеу талап-тары:
  • Қоғамда жыл ішінде таза пайданың болуы;
  • дивидендтерді төлеуге шектеулердің болмауы;
  • Қоғамның Директорлар кеңесінің дивидендтердің мөлшері туралы ұсынымдары;
  • акционерлердің Жалпы жиналысының шешімі.

Дивидендтік саясатқа сәйкес, акционерлер өзге шешім қабылдаған жағдайлардан басқасында, Қоғам қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрастырылған қаржылық есептілік негізінде дивидендтерді төлеуге таза кірістің 30 %-ын жұмсайды.

2018 жылғы 31 мамырда акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында қабылданған шешімге сәйкес, Қоғам акционерлеріне 2018 жылғы 29 тамызда 10 643 229 АҚШ доллары немесе Компанияның 2017 жылғы таза кіріс мөлшерінің 30 %-ы көлемінде ди-видендтер бойынша сыйақы төленді.

Бүкіл жылдар бойында өзгеріссіз қалып отырған жай акциялардың жалпы саны 17 000 дананы құрайды.

Бір жай акцияға есептелген және төленген дивидендтердің мөлшері
(АҚШ долл.)
Есептелген және төленген дивидендтердің жалпы саны
(АҚШ долл.)
2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018
Бір жай акцияға шаққанда есептелген және төленген дивидендтердің мөлшері (АҚШ долл.) 1 057 1 232 516 465 883 0 626
Алдыңғы жылғы таза кірістің мөлшері (мың АҚШ долл.) 61 260 61 076 51 364 19 453 48 741 (39 865) 39 318
Дивидендтерді төлеу коэффициенті, % 30% 35% 20% 50% 50% - 30%