Бизнес-шолу
Операциялық тиімділік пен клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, отынның жоғары бағасы мен тасымалдау сыйымдылығының ұлғаюын қоса алғандағы көптеген қиындықтарға қарамастан, 2018 жылы кірістілікті сақтауға және жолаушылар санын арттыруға мүмкіндік берді. Төменде берілген операциялық жақсартулар өсудің жаңа сатысына дайындалуымызға көмектесті.
Біздің өсуіміздің келесі
сатысы үшін берік негіз
қалыптасқан жыл
Серіктестік және
желіні кеңейту

2018 жылы «Эйр Астана» Астанадан Қазанға жаңа маршруттардың пайда болуы, сондай-ақ Астанадан Лондонға (Хитроу әуежайы), Омбыға, Дубайға, Делиге және Алматыдан Душанбеге, Бакуге, Гонконгқа, Сеулге және Бішкекке қосымша рейстердің енгізілуі арқасында тасымалдау сыйымдылығын 5%-ға арттырды. Пекинге, Мәскеуге, Санкт-Петербургке және Киевке екі хабтан қосымша рейстер қосылды. Бұдан басқа, наурыз айында Компания Атырау – Франкфурт – Атырау жаңа маршрутын іске қосты.

Наурыз айында «Эйр Астана» кодшер-келісімдер бойынша өзінің 11-ші серіктесі – Cathay Pacific әуе компаниясымен кодшер-келісім жасасып, жолаушыларға Гонконг арқылы Азия мен Австралияға саяхаттау кезінде қолайлы тоғысуларды ұсынды.

Жеткізілімдер

«Эйр Астана» желтоқсан айында өзінің алғашқы Embraer E190-E2 ұшағының жеткізілуін атап өтті. Әуе кемесі 2017 жылғы лизингтік шарттарға сәйкес тапсырыс берілген бес әуе кемесінің біріншісі болып табылады, ал қалған төрт ұшақты жеткізу 2019 жылға жоспарланып отыр. Embraer E190-E2 әуе кемелерінің жаңа буыны біз 2011 жылдан бастап пайдаланып келе жатқан парктегі ескілеу Embraer E190 ұшақтарын алмастырады.

Біз сондай-ақ қаңтар айында өзіміздің алғашқы A321neo әуе кемеміздің жеткізілімін қабылдадық, ал екіншісінің келуі операциялық жалдау мәмілесі шеңберінде маусым айында күтіледі. Қалған 15 әуе кемесі келесі екі жылдың ішінде жеткізілуі тиіс, бұл «Эйр Астана» компаниясына отынды алдыңғы үлгілерінен 15%-ға азырақ тұтынатын әлемдегі ең жас әуе кемелерінің бірін пайдалану мүмкіндігін береді.

«Эйр Астана» Техникалық
орталығының ашылуы

2018 жылдың көктемінде Астана қаласының әуежайында біздің мамандандырылған Техникалық орталығымыз пайдалануға енгізілді, қазір ол «Эйр Астана» әуе компаниясының паркіне техникалық қолдау көрсетеді және Қазақстанға рейстерді орындайтын бөгде әуе компанияларына қызмет көрсетуге ниетті. EASA Part-66 лицензиясы бойынша жаңа авиациялық механиктер мектебі ашылған соң, объект бұрынғыдан да маңыздырақ бола түсті. Бұл – Компания үшін маңызды қадам, өйткені біз өз тиімділігімізді арттыру үшін ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен бір мезгілде әуе компаниясының жергілікті монополиялық жеткізушіге тәуелділігін жоюға тырысамыз.

2018 жылғы қараша айында «Эйр Астана» 2019 жылы FlyArystan төмен бюджетті әуе компаниясының іске қосылатындығы туралы жариялады.

Әуе компаниясы Орталық Азиядағы алғашқы төмен бюджетті әуе компаниясы болады және өсу үшін елеулі мүмкіндіктерді, сондай-ақ қазіргі уақытта ел ішінде ұшақпен ұшпайтын Қазақстан халқының 90%-ға жуығын ынталандыру мүмкіндігін береді.

Бір әуе компаниясы,
екі бренд
Нарықтағы көшбасшы
FlyArystan 2023 жылға қарай нарықтағы көшбасшы позициясын иеленуге ниетті.
7/10
әлемдегі ең кірісі мол 10 әуе компаниясының 7-уі төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы болып табылады1.
Нарықтағы мүмкіндігі
Ішкі нарықты ынталандырудың жоғары мүмкіндігі2.

1 Дереккөз: Әлемдегі әуе компанияларының 2017 жылғы сәуір айынан бастап 2018 жылғы наурыз айына дейін қоса алғандағы апта сайынғы есептері негізінде

2 Nomad Club клиенттер базасы деректерінің негізіндегі Компания болжамдары

Ұшқыштарды
даярлау

«Эйр Астана» әуе компаниясы жаңадан бастаған ұшқыштарды даярлауға арналған Ab-initio оқыту бағдарламасын жалғастырады. Бағдарлама ұшу тәжірибесі жоқ кадеттерді қабылдап, оларды EASA талаптарына сәйкес келетін халықаралық стандарттар бойынша коммерциялық реактивті әуе лайнерінде білікті ұшқыш деңгейіне дейін жеткізеді. Әуе кемелерінің паркі мен маршруттар желісінің ұлғаю шамасына қарай «Эйр Астана» әуе компаниясына білікті ұшқыштар санын жедел арттыру қажет болады. 2018 жылы 15 кадет Ab-initio бағдарламасын аяқтап, әуе компаниясының ұшқыштары болды. Ab-initio ұшқыштарды оқыту бағдарламасы 2026 жылға қарай мерзімі ұзартылады және кеңейтіледі.

Клиенттерге
қызмет көрсету

MySEAT, MyUPGRADE және Last-minute upgrade (соңғы минутта класты жоғарылату) сияқты өнімдерді іске қосудың арқасында жолаушыларға қызмет көрсетуді әрі қарай жақсартуда елеулі прогреске қол жеткізілді, бұл сатылымның бірден 15%-ға артуына алып келді. «Эйр Астана» сондай-ақ жолжүктің жоғалуын болдырмау үшін Алматы және Астана әуежайларында жолжүкті салыстырып тексеру жүйесін орнатты.

Тәуелсіз сауалнамалардың соңғы нәтижелеріне сәйкес, «Эйр Астана» жолаушыларының қанағаттану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2,2 п.т.-ға, 80%-ға дейін артты. Бұл негізінен ұсынылатын өнімдердің көбеюі, әуе компаниясының қонақжайлығы мен рейстерді уақтылы орындауының халықаралық деңгейін үнемі жақсартуға ұмтылуы арқасында жүзеге асты. 2018 жылы Компания жолаушылардың қанағаттану деңгейін жоғарылату үшін технологияларды толық пайдаланды. Онлайн сатылымдардың үлесін жалпы көлемнің 7%-на арттыруға көмектескен жаңа мобильді қолданбаның енгізілуі арқасында мобильді сатылымдар едәуір ұлғайды. Онлайн сатылымдардың жыл сайын артып отыруы күтіледі.

Тиімділікті
қолдау

«Эйр Астана» бүкіл Компанияда шығыстар бөлігінің төмен деңгейін сақтайды, бұл – біздің бәсекеге қабілетті болып қалуымызға және отынның жоғары бағасынан болатын әсерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық негіздердің бірі. 2018 жылы Компанияның жоғары білікті және тәжірибелі мамандарының күшімен, мәселен, консультанттарды тарту қажеттілігінсіз ХҚЕС 9, ХҚЕС 15 және ХҚЕС 16 стандарттары бойынша халықаралық қаржылық есептілікті дайындау үшін орындалған бірқатар тиімді шаралар табысты өткізілді.

Әуе компаниясы сондай-ақ «Finnovation: working on efficiency» түрлендіру жобасын іске қосты, оның шеңберінде қаржы командасының мүшелерін мүмкіндігінше көп функцияларды оңтайландыру мен автоматтандыруды орындау және бөлімшелерде шығындарды басқару бойынша қатаңырақ шараларды енгізу мақсатында Компанияның операциялық бөлімдеріне ауыстырады.

Нарыққа шолуа
«Эйр Астана» қызметін көлемі әрбір 20 жыл сайын екі есеге ұлғайып отыратын авиация саласының дамуында қозғаушы күш болып табылатын әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан авиация нарықтарының орталығында жүзеге асырады.
Компанияның халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны
(әуе бостандығының 6-шы дәрежесіндегі жолаушылар, мың адам)
Компанияның Қазақстан ішіндегі халықаралық тасымалдар нарығындағы үлесі
34%
Эйр Астана
16%
Аэрофлот
8%
SCAT
5%
S7
5%
Turkish Airlines
4%
Украина халықаралық әуе желілері
4%
FlyDubai
3%
Lufthansa
21%
Басқалары