Тәуекелдерді
басқару
Тәуекелдерді басқарудың
корпоративтік жүйесі
Біз Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті ретінде тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын мойындаймыз. «Эйр Астана» компаниясының тәуекелдерін басқару тәуекелдерді бағалау Компания қызметіндегі барлық процестердің ажырамас бөлігі болып табылады деген қағидатқа негізделген. Тәуекелдерді тиімді басқару және оларды азайту мақсатында біз саладағы тәуекелдерді бағалаудың озық практикаларын пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуымызды жалғастырамыз.
Маңызды
тәуекелдер
Компания тәуекелдерді олардың стратегия мен бизнес-мақсаттардың іске асырылуына тигізуі мүмкін елеулі ықпалына сәйкес айқындайды.
Негізгі тәуекелдер – олар іске асқан жағдайда, Компания ерекше назар аударатын стратегиялық мақсаттардың жүзеге асуына елеулі теріс ықпалын тигізуі мүмкін тәуекелдер. Негізгі тәуекелдер төменде кесте түрінде берілген.
Төмен Орташа Жоғары
Тәуекелдің атауы
Сипаттамасы
Тәуекелді азайту
1 Авиациялық оқиға тәуекелі
Сипаттамасы

Қауіпсіздіктің тиімді басқарылуы болуы мүмкін оқыс оқиғаларды немесе апаттарды барынша азайту үшін шешуші мәнге ие. Мұндай оқиғаның салдары Компанияға қолайсыз әсерін тигізуі мүмкін.

Тәуекелді азайту

Ұшу сапарларының қауіпсіздігімен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында Компания ұшу сапарларының қауіпсіздігін басқару және сақталуын бақылау жүйесін құрды, осы жүйенің көмегімен ол тиімділік-тің сақталуы мен қадағалануын тексереді, сондай-ақ ұшу сапарлары қауіпсіздігінің тиімділік көрсеткіштерін белгілейді және бақылайды. Ком-панияда адами факторды есепке алудың тиімді бағдарламасы қолданы-лады. Рәсімдердің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, ұшу тренингтері саласында Компания стандарттауға баса назар аудара отырып, нұсқаушыларды даярлауға елеулі инвестициялар жасады.

Реттеуші органдар, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA), Аруба азаматтық авиация басқармасы және Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті, сондай-ақ салалық аудиттер шеңберінде (IOSA) тұрақты тәуелсіз бағалауларды жүргізеді.

2 Білікті ұшқыштардың жетіспеушілігі тәуекелі
Сипаттамасы

«Эйр Астана» компаниясының өндірістік көрсеткіштері мен ұшуларды жоспарлауы көптеген факторларға байланысты, солардың бірі білікті ұшқыштардың жеткілікті санын сақтай білу болып табылады.

Тәуекелді азайту

Бұл тәуекелді барынша азайту үшін «Эйр Астана» 2009 жылдан бері қолданылып келе жатқан Аb-initio ұшқыштарды оқыту бағдарламасын бастады, оған қазірдің өзінде 210-нан астам ұшқыш қатысты. 2016 жылы түлектердің біріншісі капитан атағына дейін көтерілді. Бұл бағдарлама – жергілікті ұшқыштарды даярлайтын маңызды көз және тұрақты экипаж ағынын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық мақса-тымыздың іргетасы. «Эйр Астана» сондай-ақ ұшқыштарды тікелей ішкі нарықтан қабылдайды. Ab-initio бағдарламасы мен жергілікті ұшқыштар рекрутингі негізгі көздер болып табылады және олар халықаралық еңбек нарығында мердігерлерді тарту арқылы толықтырылады. Компа-ния өзінің бәсекеге қабілетті болып табылатындығына көз жеткізу үшін үнемі еңбек жағдайларын қайта қарап отырады. Бұдан басқа, 2018 жылы Компания өзінің іс басындағы қызметкерлеріне ұшқыштардың ашық бос орындарына өз достарын және/немесе туыстарын шақыруды ұсынатын жалдау құралы – рефералды бағдарламаны іске қосты.

3 Қызмет көрсету стандарттарына сәйкес сапалы қызмет көрсетуді ұсынбау тәуекелі
Сипаттамасы

Клиенттердің қанағаттану дәрежесін жоғары деңгейде ұстау Компания үшін маңызды мәнге ие. Жоғары сапалы қызметтерді ұсынбау Компанияның абырой-беделіне нұқсан келтіруі, клиенттердің кетуіне және Skytrax рейтингінің төмендеуіне, сондай-ақ 2018 жылы алынған TripAdvisor наградасын сақтап қалудың мүмкін болмауына алып келуі мүмкін.

Тәуекелді азайту

«Эйр Астана» бортсеріктер дағдыларының жоғары деңгейін қолдауға бағытталған жан-жақты оқыту бағдарламаларын ұсынады. Бортта қызмет көрсету бөлімінің құрылымы борттық экипаждың күнделікті жұмыс рәсімдеріне қосымша бақылау тетіктерін енгізуді көздейді. Сапа және стандарттар бөлімі әр түрлі рәсімдер (мысалы, бортсерік-нұсқаушылар арқылы жолаушылардың пікірлерін білу) арқылы клиенттердің қанағаттану деңгейіне тұрақты қадағалау жүргізеді және бортсеріктер көрсететін қызметтердің жоғары сапасын қолдау үшін стандарттарды белгілейді.

Өнімділік бөлімі белгіленген стандарттарға сәйкес ынталандыру мен тиімділікті қажетті деңгейде ұстап тұру үшін бортсеріктермен үздіксіз жұмыс жүргізеді. Өндірістік бөлім және бортсеріктермен жұмыс істеу орталығы күнделікті жұмыс мәселелерін шешуде қолдау көрсетеді, бұл бортсеріктердің бортта жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуден тұратын негізгі міндеттеріне ден қоюларына мүмкіндік береді. Өнім және тамақтандыруды ұйымдастыру бөлімі борттағы тамақтанудың сервистің жоғары деңгейіне сәйкес ұсынылуы үшін жауап береді. Ұшуды ұйымдастыру барысында жайлылықты арттыру үшін IFS бизнес-класс жолаушылары үшін де, жолаушылардың бейілдігін арттыру жөніндегі Nomad Club бонустық бағдарламасының мүшелері үшін де сервисті дербестендіру мақсатында ұшу үшін қажетті барлық маңызды ақпаратты, мысалы, жолаушылар, олардың тамақтанудағы ерекше тілектері және т.с.с. туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтитын CrewPads планшет-терін ұсынды.

Жердегі қызметтер үшін персонал қабылдау процесі клиенттерге қызмет көрсетуге бағдарланған адамдарды жалдайтындай етіп ұйымдасты-рылған. Қызметкерлер Компания стандарттарына сәйкес ауқымды оқы-тудан өтеді. Сынақ мерзімі ішінде жаңадан қабылданған қызметкерлер жаңа мамандарға көмектесетін және жұмыстарын түзететін тәжірибелі жаттықтырушының бақылауында болады. Жұмысты күнделікті бағалау- ды супервайзер жүзеге асырады, ол персоналдың біліктілік деңгейін (көр-сетілетін қызметтердің сапасын қоса алғанда) бақылауға және кемшілік-терді жоюға көмектеседі.

4 Кибершабуылдар және ақпараттық жүйе іркілістері тәуекелі
Сипаттамасы

Компанияның ақпараттық технологиялар жүйесі мен инфрақұрылымы оның тұрақты қызметі үшін өте маңызды. Технологиялар ролінің арта түсуі жағдайларында компаниялар қазіргі уақытта кибершабуылдар мен ақпараттық технологиялардағы іркілістерге барған сайын көбірек ұшырауда, ал олар едәуір мөлшерде абырой-бедел мен қаржы жоғалтуға алып келуі мүмкін.

Тәуекелді азайту

Осы тәуекелді еңсеру үшін «Эйр Астана» сенімді киберқауіпсіздік шараларын енгізді. Компания ақпараттық қауіпсіздік саласындағы үздік салалық практикалар мен стандарттарға сәйкес келетін процестерді әзірледі. Қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру үшін қызметкерлерді ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытып-үйрету және ақпараттық қауіпсіздік саясатымен таныстыру тұрақты негізде жүргізіледі. Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы резервтеу және резервтік көшірмелеу жүйелерінің болуы арқасында ең жақсы ықтимал шектерде бизнестің үздіксіздігін қолдауға толықтай бағдарланған.

5 Отынға жұмсалатын шығындардың ұлғаюы тәуекелі
Сипаттамасы

2018 жылы мұнай бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-дан астам шамаға едәуір ұлғайды. Бұл өсу авиация саласына елеулі әсерін тигізді, өйткені отынға жұмсалатын шығындар кез келген әуе компаниясының негізгі шығыстар бабы болып табылады. Демек, осы саладағы барлық салалық компаниялар сияқты, «Эйр Астана» да отын бағасының жоғары құбылмалылығымен және ілеспе шығындармен байланысты тәуекелдерге ұшырайды.

Тәуекелді азайту

Компания тұрақты келісімшарттар жасасу арқылы бәсекелі бағаны қамта-масыз ету мақсатында қазақстандық жеткізушілермен келіссөздер жүргі-зеді. Бұдан басқа, «Эйр Астана» жеткізушілермен бағаны төмендету жөнінде тұрақты келіссөздер жүргізеді. Ішкі және халықаралық станциялар үшін нарықтағы баламалы жеткізушілерді тұрақты қадағалап отыру маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Тәуекелді азайтудың қосымша құралы ретінде «Эйр Астана» Компанияға шектеулер қойылмайтын ішкі және халықаралық маршруттарда отын алымын қолданады. Отын алымының мөлшері отын бағасы мен нарықтық жағдайларға байланысты болады.

Отынды тұтынудың жалпы көлемін азайту мақсатында Компания соңғы жылдары өз паркіне жаңа, анағұрлым үнемді ұшақтарды, соның ішінде Airbus A320neo және Airbus A321neo ұшақтарын (қозғалтқыштың жаңа нұсқасымен) қосты. Бұдан басқа, Компанияның кейбір ұшқыштарды даяр-лау бағдарламалары отын көлемін тиімді басқару дағдыларын қамтиды.

2018 жылы Компания өзінің 2019 жылы халықаралық нарықта отынды тұтынуын хеджерлеу үшін «А» рейтингіндегі халықаралық банктермен отынды хеджерлеу туралы келісімдер жасасты.

6 Маршруттар желісінің тиімді жоспарын әзірлеудің мүмкін болмау тәуекелі
Сипаттамасы

Біздің мақсатымыз – тікелей жолаушылар ағыны үшін ыңғай-лы кестені және халықаралық және ішкі рейстер арасында жиі кездесетін тоғысуларды қамтамасыз ететін халықаралық маршруттар желісін құру. Тиісті әртараптандырудың болмауы маршруттар желісінің тиімді кеңе-юіне тосқауыл болып, нысаналы табыстарды алуға кедергі келтіруі мүмкін. Бұдан басқа, Компания өзінің ағымдағы маршруттарын жоғалту немесе олардың азаюы тәуекеліне және өзі әзірлеген жоспарға сәйкес жаңа маршрут-тарды енгізудің мүмкін болмауы тәуекеліне ұшырайды.

Тәуекелді азайту

Бұл тәуекелдерді басқару үшін Компания слоттарға өтінімдерді уақтылы береді, жаңа слоттар алу үшін үйлестірушілермен келіссөздер жүргізеді, тасымалдауға коммерциялық құқық берілуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Азаматтық авиация комитетімен (ҚР ААК) тығыз байланыста жұмыс істейді, маршруттардың тиімділігіне тұрақты түрде талдау жүргізеді, маршруттардың болжамдық талдауын жасайды және дерекқорлардағы ақпаратты пайдаланады. Қажет болған жағдайда, маршруттар желісінің жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі.

7 Негізгі басқарушы кадрлардың жеткіліксіз болу тәуекелі
Сипаттамасы

Негізгі басқарушы персоналдың сақталуы Компанияның алдағы уақытта табысты жұмыс істеуі және маңызды басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін маңызды мәнге ие.

Тәуекелді азайту

Адамдардың ең маңызды ресурстардың бірі болып табылатындығын мойындай отырып, «Эйр Астана» таңдаулы үміткерлердің дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі басқарушы лауазымдардың сабақтастық жоспарын әзірледі. Бұдан басқа, 2010 жылы Компания кіші деңгейдегі қызметкерлердің арасында дарындарды анықтауға арналған бағдарламаны іске асырды.