«Эйр Астана» АҚ – қазақстандық авиацияның көшбасшысы, Орталық Азиядағы жетекші авиакомпания

Мүмкіндіктердің қайнаған ортасында
Оқуды жалғастыру
Негізгі өсу нарықтарын біріктіре отырып
Біз Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясы болып табыламыз. Компаниямызда жоғары кәсібилік пен сапа, жұмысты үлкен мақтаныш және жоғары стандарттарды қолдауға бел байлау сезімімен орындау негізге алынған мықты және айқын корпоративтік мәдениет қалыптасқан – брендіміз де дәл осыған негізделеді. Және біз төмен стандарттарды қабылдамаймыз
Қызметіміздің нәтижелері
Орталық Азиядағы
жетекші әуе компаниясы
мәртебемізді растайды
Бізге бірегей мүмкіндік берілген: Қазақстан Еуразияның орталығында, Қытай, Үндістан және Ресей сияқты өсіп келе жатқан нарықтардың арасында орналасқан. «Эйр Астана» әуе компаниясының мақсаты – осы нарықтардың арасын жалғау, бұл ретте біз орналасу ерекшелігімізді пайдалана аламыз.
 
 
Түсім +9,6%
млн. АҚШ долл.
Түсімнің өсуіне ішкі және халықаралық жолаушылар ағынының ұлғаюы, соның ішінде халықаралық транзиттік жолаушылар ағынының 48%-ға ұлғаюы септігін тигізді.
 
 
EBITDAR 130,9
млн. АҚШ долл.
Отынға жұмсалатын шығындардың 26%-ға күрт өсуіне қарамастан, Компанияның операциялық тиімділігінің жоғары деңгейі есебінен жалпы кірістілік сақталды.
 
 
Операциялық пайда 36,5
млн. АҚШ долл.
Макроэкономикалық қиындықтарға қарамастан, есептік жыл қаржылық және операциялық қызметтің орынды басқарылуы арқасында табысты болып қалды.
 
Бір шекті жолаушы-километрге шаққандағы меншікті өзіндік құн 5,63
АҚШ центі
«Эйр Астана» әуе компаниясының бір ШЖКМ-ге шаққандағы меншікті өзіндік құн көрсеткіші қызметтердің толық кешенін ұсынатын халықаралық әуе компанияларымен, сондай-ақ кейбір ірі еуропалық төмен бюджетті әуе тасымалдаушыларымен салыстырғанда, саладағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып қалады.
 
Орындалған жолаушы-километрлер (ОЖКМ) +6%
млрд
ОЖКМ өсуі әуе тасымалдарына сұраныстың артуын және «Эйр Астана» компаниясының осы өсуді тиімді пайдалана білуін көрсетеді.
 
Тасымалданған
жолаушылар +3%
млн
Ішкі
Халықаралық
Транзиттік
Әуе кемелерінің кешіктіріліп жеткізілуіне және отын бағасының едәуір өсуіне қарамастан, жолаушылар саны артты. Халықаралық жолаушылар ағыны 11%-ға ұлғайды.
Өзінің Астана және Алматы қалаларындағы тораптық әуежайларын пайдалана отырып, «Эйр Астана» осы нарықтарда елеулі өсуге қол жеткізуді және стратегиялық маңызды бағыттар бойынша миллиондаған жолаушыларды тасымалдауды жоспарлайды. Мәдениетіміздің күшін пайдалана отырып, біз су жаңа, неғұрлым тиімді және заманауи әуе кемелерінде қызмет көрсетудің тамаша деңгейін қамтамасыз ете аламыз, бұл ретте тиімділігі жоғары операциялық құрылымның және жалғыз ғана жоғары нәтиже мен сапаға қол жеткізу мақсатын көздейтін, өз істеріне адал берілген кәсіби мамандар командасының арқасында қызметімізді аз шығынмен жүзеге асырамыз.
Нарықтағы көшбасшы позициясын сақтау

Біз нарығымыздағы жетекші әуе компаниясы позициясын иеленгенімізді мақтан тұтамыз. Біздің Компаниямыз өз құндылықтарын бұлжытпай сақтайтындығы және анық сараланған сервисті ұсынатындығы үшін кеңінен танылды және соның арқасында өз клиенттер базасын арттырып, ең беделді наградаларды жеңіп алуда.

«Эйр Астана» Қазақстан нарығында да, көршілес елдердің жылдам өсіп келе жатқан нарықтарында да айқын артықшылыққа ие... Біз жолаушыларға баға мен сапаның оңтайлы арақатынасын ұсынамыз, жайлылықтың жоғары деңгейі мен рейстердің уақтылы жөнелтілуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Нақ осы себептен Компания әрдайым салада лайықты танымалдыққа ие болады.

Нұржан Байдәулетов
Директорлар кеңесінің төрағасы
Еуразияның қақ ортасында
әлемдегі ең үздік әуе
компанияларының бірін
құрамыз
69
маршрут
21
ел
5210
қызметкер
8,3
жыл әуе кемелері
паркінің уақыты
34
парктегі әуе
кемелері
Наградалары
және танылуы
2018 жылғы Skytrax World Airline Awards конкурсында «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компаниясы» – жетінші жыл қатарынан
Travel Plus Amenity kit Award сыйлығынан бизнес- және эконом-класс үшін алтын награда (Еуропа / Африка)
Business Traveller Award «Орташа қашықтық рейстеріндегі ең үздік бизнес-класс» номинациясындағы жеңімпазы
TripAdvisor 2018 «Саяхатшылар таңдауы» номинациясындағы жеңімпазы
2019 жылғы OAG «Тиянақтылық лигасы» – әлемдегі ең тиянақты әуе компаниялары санатында 12-ші орын және Азия-Тынық мұхит аймағының тасымалдаушылары санатында 7-ші орын
Жұмыс берушілер арасындағы брендинг жөнінен әлемдік көшбасшы – Universum агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстанда 2018 жылғы ең тартымды жұмыс беруші
2018 жылғы APEX қауымдастығының жыл сайынғы әуе компаниялары рейтингіндегі «5 жұлдыз»
Электрондық коммерцияны дамытқаны үшін Visa Inc 2018 наградасы
Бізді бірегей
ететін не?
Сапа
Жолаушылардың үміттері жайлылық пен қызмет көрсету стандарттарына, сондай-ақ тиянақтылық пен сенімділікке байланысты қалыптасады. Біз билетті сатып алған мезеттен бастап клиент ұшақтан түскенге дейін клиенттерге қызмет көрсетудің ең жақсы сапасын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Тиімділік
Тиімділікті барынша қамтамасыз етуге баса назар аударудың арқасында меншікті өзіндік құнды төмен деңгейде сақтап қалудың сәті түседі. Табысқа жетуімізге септігін тигізетін бұл негізгі стратегиялық басымдық отын бағасының жоғарылауы сияқты тәуекелдерді еңсеруге көмектеседі және жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Қауіпсіздік
«Эйр Астананың» қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштері мінсіз. Ең жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтау біздің күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады, біз техникалық және пайдалану қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеміз.
Мүмкіндіктердің
қайнаған ортасында
Қазақстандағы авиация нарығында екі негізгі өсу көзі бар. Ішкі жолаушылардың өсу әлеуеті негізінен жүзеге асырылмаған, сонымен қатар, Ресей, Қытай және Үндістан нарықтарының арасындағы ыңғайлы тоғысуларға өсе түскен сұраныстың арқасында транзиттік жолаушылардың едәуір өсу әлеуеті бар.
Әуе жолаушылары санының жаһандық өсімі тұрақты болып қалып отыр және, ішкі нарықта ынталандырудың болмауына қарамастан, Қазақстандағы әуе тасымалдары 2018 жылы 7%-ға артып, соңғы он жылда 8 миллион1 жолаушыға дейін екі есеге көбейді.
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің деректері.
Әлеует
Қазақстан жеткілікті игерілмеген нарық болып қалып отыр. Ел ішінде халықтың 10%-дан аз бөлігі ұшатындықтан2, нарықты ынталандыру үшін едәуір әлеует бар.
2 «Эйр Астана» жолаушыларының бейілділік бағдарламасы мүшелерінің үлкен іріктемесі негізінде.
Орналасу орны
2018 жылы Қазақстандағы транзиттік жолаушылар ағыны 40%-ға артты3, бұл ірі көршілес елдерде ұтқырлық деңгейін арттыру үшін зор әлеуеттің бар екендігін көрсетеді.
3 Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің деректері.
Үнемділік
Компаниямыздағы операциялық тиімділік және шығындарды бақылау деңгейі – нарықтағы ең тиімді деңгейлердің бірі, осының арқасында біз – төмен бюджетті тасымалдаушылардың шығындар құрылымымен қызметтердің толық кешенін ұсынатын айрықша әуе компаниясымыз.
Біздің өсу
әлеуетіміз
Негізгі өсу
нарықтары
Біздің маршруттар желіміз Алматы мен Астана хабтарындағы 69-дан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды және алдағы уақытта кеңейе түсетін болады.
Ресей
143,9 млн
Халқы
2018 жылы Ресейдегі жолаушылар ағынының өсімі 10%-ға жетті, ал халықаралық тасымалдар 20%-ға артты (Көліктік есеп айырысу палатасының (КЕП) деректері бойынша). Өсу Ресейдегі аймақтық әуе тасымалдарының қарқынды дамуы есебінен қуатталып, ресейліктерге жаңа ішкі және аймақтық бағыттар бойынша ұшудың көбірек мүмкіндігін береді.
Үндістан
1,36 млрд
Халқы
2018 жылы Үндістанның ішкі әуе тасымалдарындағы жолаушылар ағыны 18,6%-ға артып, 1,7 млрд. жолаушыға жетті. Әуежайлардың тасымалдау сыйымдылығының ұлғаюы және Қазақстанда үнді жолаушылары үшін ұзартылған 72 сағаттық визасыз режимнің өсе түсіп отырған әсері есебінен 2019 жылы Үндістаннан жолаушылар ағыны бұдан да арта түседі деп күтілуде.
Қытай
1,4 млрд
Халқы
Экономикалық құлдырауға қарамастан, ішкі және халықаралық тасымалдардың артуы тұрақты болып қалып отыр, 2022 жылға қарай Қытай әлемдегі ең ірі әуе тасымалдары нарығы болады деп күтілуде. Айтарлықтай мол сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша тасымалдау сыйымдылықтары қарастырылды. Қытай жолаушылары да Қазақстанда транзиттік тасымалдарды ынталандыру үшін енгізілген 72 сағаттық визасыз келісімді пайдаланады.
Картаны жүктеу
Жоғары стандарттар
мәдениеті
Әлемдегі ең үздік әуе компанияларының бірі болу миссиямызға қол жеткізу үшін біз құндылықтарымыз бен табысқа ұмтылуымызды қамтып көрсететін корпоративтік мәдениетімізді дамытамыз.
Мықты басқарушы құрам
Тәжірибелі және көп ұлтты басқару командасының басшылығымен «Эйр Астана» Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясына айналды. Команданың едәуір бөлігінің әуе компаниясы қызметіне қатысуы оның алғашқы жылдарынан бастау алады. Ол табысты комбинация құрайтын әлемдік деңгейдегі біліктілігі бар жергілікті қазақстандық кәсіби мамандардан және авиация саласындағы халықаралық сарапшылардан тұрады.
Ашықтық
Біз операциялық және қаржылық көрсеткіштер туралы ақпаратты ашудың ең жоғары стандарттарына сәйкес болуға ұмтылып, өзіміздің тұрақты қызметімізде жоғары ашықтық деңгейін қамтамасыз етеміз және қызметкерлердің бизнесті әрі қарай дамыту үшін қабылданған шешімдерді түсінуін қамтамасыз етеміз.
Ұзақ мерзімді еңбек қатынастары
Біздің адамдарымыз «Эйр Астана» компаниясын айқындайды. Universum компаниясы үш жыл қатарынан бізді Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші деп таныды және бұл біз тартатын қызметкерлердің жұмыс сапасынан көрініс табады. Біз қызметкерлерге оқу мен Компанияда дамудың тамаша мүмкіндіктерін бере отырып, табысқа жетудің негізін қамтамасыз етуге көмектесеміз. Осының арқасында Компаниядағы кадрлардың тұрақтауы орташа есеппен алғанда 6,4 жылды құрайды.
Клиентке бағдарлану
Көптеген наградаларға лайық деп табылған өнімдеріміз бен сервисіміздің табысқа жетуінің негізінде корпоративтік жоғары стандарттар мәдениеті жатыр. Біз – әлемдік деңгейдегі ұшу қызметтерін ұсынатын, жолаушылар құрметті қонақтар болып табылатын әлемдегі ең тиянақты әуе компанияларының біріміз. Біз клиенттердің қажеттіліктерін білу үшін бірнеше жанасу нүктелері арқылы олармен өзара әрекеттесеміз. Біздің жолаушыларымыз Nomad Club бейілділік бағдарламасы аясында сыйлықтар алады.